Табиғатты ұтымды пайдалану
Біз «Lucent Petroleum» компаниясының барлық ресурстарын, соның ішінде қоршаған ортаны, қызметкерлерімізді және біз тұратын және жұмыс істейтін қауымдастықтарды жауапкершілікпен басқару біздің ұзақ мерзімді табысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады деп есептейміз. «Lucent Petroleum» компаниясы маңызды рөл атқарып, өзінің корпоративтік жауапкершілігінің осы салаларын үздіксіз жетілдіріп тұруға ұмтылады.
Біз жауапкершілікпен басқаруға ерекше назар аударып, шығарындыларды азайтудың, энергиялық тиімділікті арттырудың, біздің қызметкерлеріміздің әлеуетін барынша арттырудың, өзіміз тұратын және жұмыс істейтін жергілікті қауымдастықтардың дамуына үлес қосудың қосымша жолдарын іздестіретін боламыз, сонымен қатар әрдайым еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелеріне басты назар аударып тұратын боламыз.
«Люсент Петролеум» ЖШС өз қызметін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік талаптарына сәйкес іске асырады.