Бұл веб-сайт бізге сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін ұсыну үшін cookie файлдарын қолданады. Cookie туралы ақпарат сіздің браузеріңізде сақталады және сайтқа оралған кезде сізді тану, сондай-ақ біздің командамызға сайттың қандай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектеседі.
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы
«Lucent Petroleum» компаниясы өзінің өсуі мен табысты дамуы үшін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тиісті шаралардың қолданылу маңыздылығын мойындайды. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат біздің қызметіміздің ажырамас бөлігі болып табылады және бұлжытпай жүзеге асырылып тұратын болады.
Біз жұмыстарымыздың сапасын үнемі арттырып тұрамыз да, осылайша адамдарды, қоршаған ортаны, активтерімізді және беделімізді қорғаймыз. «Lucent Petroleum» компаниясының өндірістік объектілерінің тұтастығы, жоғалтулардың алдын алу және тәуекелдерді күні бұрын болдырмау оның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттарына қол жеткізу үшін өте маңызды.
Денсаулықты қорғау
Біздің қызметкерлеріміздің амандығы, физикалық және психикалық денсаулығы компанияның табысты қызметінің негізі болып табылады, өйткені олар біздің компаниямыздың негізгі активі ретіндегі адам капиталының өнімділік деңгейіне әсерін тигізеді. Бүкіл Компания бойы біздің қызметкерлеріміздің денсаулығы жайлы қамқорлық біз белгілеген денсаулықты қорғау және өндірістік гигиена стандарттары негізінде қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік техникасы
«Lucent Petroleum» компаниясы өз қызметкерлері мен мердігерлерін қауіпсіз жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін жоғары стандарттарды ұстануға ұмтылады. Біздің «Қауіпсіздікті басқару жүйеміз» «Lucent Petroleum» компаниясының еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саясатына» және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізді қамсыздандыратын «Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекелдерді басқару», «Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлерді басқару», «Қауіпті заттарды басқару», «Қауіпсіз көлік жүргізу», «Оқыс оқиғалардың есептілігі, оларды тергеу және жіктеу» сияқты компанияның нормативтік актілеріне негізделген.
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы
«Lucent Petroleum» компаниясы үшін қызметкерлер мен мердігерлердің амандығы аса маңызды, және осыған байланысты біз Компанияда еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының белсенді мәдениетін ілгері жылжытамыз. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы оқыту және тиісті рәсімдер міндетті болып табылады және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Жеке қауіпсіздік
2024 жылдағы негізгі тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіш | Өлшемі | Мақсаты |
Еңбек ету қабілеттілігінен айырылумен жарақаттардың саны | Соңғы 12 айдағы оқиғалардың жиілігі | 0.0 |
Тіркелетін оқиғалардың жалпы саны | Соңғы 12 айдағы оқиғалардың жиілігі | 0.0 |
Жол-көлік оқиғалары | Соңғы 12 айдағы оқиғалардың жиілігі | 0.0 |
2024 жылға жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғандағы жағдайдың жақсаруы
2024 жылы «Lucent Petroleum» компаниясы мен оның мердігерлерінің бүкіл өндірісінде бірде-бір еңбек ету қабілеттілігінен айырылумен жазатайым оқиға тіркелген жоқ.
«Lucent Petroleum» компаниясы өзінің өндірістік объектілеріндегі кейбір жұмыс түрлері әлеуетті қауіпті екенін атап өтеді. «Lucent Petroleum» компаниясының басшылығы, қызметкерлері мен мердігерлері тиісті дайындықтан өткен және алдын алуға болмайтын жағдайлардың жоқ екендігін түсінеді, себебі біз жазатайым оқиғалардың нөлдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін еңбек қауіпсіздігіне деген саналы көзқарас деңгейі және оқыс оқиғалардың салдарын жеңілдету бойынша қолданылатын шаралары бар ортаны құруға тырысамыз.
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ алтын ережелері
«Алтын ережелердің» тиімді сақталуы үшін «Lucent Petroleum» компаниясы оқыс оқиғаларды қатаң бақылауды белгілеп қойды, яғни бұл біздің тәуекелдер бағаларымыздың негізінде қызметкерлеріміз бен басшыларымыздан олар өздері жұмыс орнында орынсыз жүріс-тұрысқа куә болған немесе оларға бұл туралы хабарлаған жағдайда қажетті рәсімдерді ұстануды талап ететінімізді білдіреді. Қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны үшін қызметкерлер немесе мердігерлер дереу жұмыстан шығарылу қаупіне ұшырайды. Осы мақсатта салдарды басқару екі санатқа бөлінеді. Бірден жұмыстан шығаруға әкелетін неғұрлым ауыр санат алкогольді/есірткіні асыра пайдалану жағдайларында қолданылады. Қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты онша ауыр емес жағдайлар бастапқыда ескертуге, ал қайталанған жағдайда, жұмыстан шығаруға әкеліп соқтырады.
Алтын ережелер:
- Жүргізуші мен барлық жолаушылар әрдайым қауіпсіздік белдіктерін тағулары тиіс.
- Жолдың нашар жағдайында жылдамдықты асыруға немесе төмендетуге болмайды.
- Көлік жүргізген кезде телефондарды немесе құрылғыларды пайдалануға болмайды.
- Алкогольге және кез келген түрдегі есірткіге (мақұлданған дәрілерден басқа) тыйым салынады.
- Қай жерде қажет болса да, жұмысты тек тиісті жұмысқа жарамды рұқсат болған кезде ғана орындауға болады.
- Шектеулі кеңістікке кірер алдында бұл үшін рұқсат алу керек.
- Қауіпті энергия көздерінің оқшауланғанына, қоршалғанына және таңбаланғанына көз жеткізу қажет.
- Қауіпсіздік жүйесі құрылғыларын өшірмес немесе бұғаттамас бұрын рұқсат алу қажет.
- Асылып тұрған күйдегі жүк астында жүруге болмайды.
- Биіктікте жұмыс істеген кезде, құлап кетуден сақтану қажет
Жұмыс орындарындағы қауіптерді бақылау карталары
Қызметкерлеріміз бен мердігерлеріміз арасында қауіпсіздік мәдениетін ілгерілету аясында «Lucent Petroleum»компаниясы жұмыс орындарындағы қауіптерді бақылау карталарын жүргізу үдерісін енгізуді жалғастыруда. Бұл бастама 2022 жылы барлық қызметкерлер мен мердігерлерден жұмыс орнында анықталған кез келген қауіпсіз емес жағдайлар туралы хабарлау сұралған кезде басталған болатын. Бұл біздің қызметкерлеріміз бен мердігерлерімізді қауіпсіз еңбек жағдайларының қамын үнемі ойлауға және жұмыс орындарындағы операцияларымыздың қауіпсіздігін арттыру үдерісіне қатыстыруға мүмкіндік береді.
Мердігерлерді басқару
Біз мердігерлеріміз бен жеткізушілерімізден біздің қызметкерлеріміз ұстанатын жоғары стандарттар бойынша жұмыс істеулерін талап етеміз, сондықтан мердігерлерді тиімді таңдау, олармен өзара әрекеттесу және оларды біздің мәдениетіміз бен қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерімізге үйрету, сондай-ақ қатаң бақылау «Lucent Petroleum» компаниясы ұстанатын қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қолдап тұру үшін аса маңызды.
«Lucent Petroleum» компаниясы өз мердігерлері арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс тәжірибесін енгізуге ұмтылады, және объектілердегі жұмыстардың жергілікті заңнама мен «Lucent Petroleum» ережелері мен қағидаларына толық сәйкестікпен жүргізілуін қамтамасыз ететін әдістердің кең ауқымын әзірледі. Бұған дейін әлдеқашан келісілген шараларға қосымша.
Төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар
2024 жылы «Lucent Petroleum» кәсіпорындарында бірде-бір өнеркәсіптік апат немесе мұнайдың төгілуі тіркелген жоқ.
Компанияда күтпеген оқиғаларға тезірек жауап қайтаруға, өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз етуге және адамдарға, қоршаған ортаға, сондай-ақ Компанияның материалдық активтері мен беделіне теріс әсерін барынша азайтуға бізге мүмкіндік беретін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарлары бар.
Жоспарлар қызметкерлер құрамына жеткізіледі де, шұғыл көмек көрсету қызметінің қызметкерлері төтенше жағдайларда өз міндеттерін орындауға дайын болуға оқытылады. Біз бұрынғыдай активтердің тұтастығын қамтамасыз етуге және операциялардың барлық сатыларында барлық елеулі тәуекелдерді тиімді басқару режимінде операцияларды бақылап тұруға ниеттіміз.
Мұнайдың төгілуінің алдын алу
«Lucent Petroleum» компаниясы өз объектілерін пайдаланған кезде төгілулердің нөлдік деңгейіне қол жеткізуге тырысады. «Lucent Petroleum» компаниясы жаттығуларды, оқытуды, дер кезінде техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жөндеу мен ауыстыруды, сондай-ақ проблемалық аймақтарды бақылауды және т.б. қоса алғанда төгілулерді болдырмау және азайту бойынша бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.