Бұл веб-сайт бізге сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін ұсыну үшін cookie файлдарын қолданады. Cookie туралы ақпарат сіздің браузеріңізде сақталады және сайтқа оралған кезде сізді тану, сондай-ақ біздің командамызға сайттың қандай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектеседі.
Біздің команда
«Lucent Petroleum» компаниясы — штаб-пәтері мен операциялық бөлімшелерінде шамамен 50 маманнан тұратын шағын, көп-функционалды команда. Функционалды түрде қызметкерлер құрамының саны шамамен келесідегідей бөлінеді: 15% — жоғары басшылық, 25% — әкімшілік қызметкерлер құрамы және 60% — техникалық мамандар.
Біздің басқару тобының мұнай-газ саласындағы 160 жылдан астам бірлескен кәсіби тәжірибесі бар. Біздің Lucent Petroleum басшылығында негізгі мәселелерді жылдам анықтауға және ұйымға құндылықтарды құрудағы ортақ мақсатқа жету жолында үздіксіз ілгерілеуге мүмкіндік беретін шешімдерді жасауға мүмкіндік беретін жаһандық және қазақстандық тәжірибенің тамаша үйлесімі бар.
Бас директор
Дэвид Ле Клэр мұнай саласында 40 жылдан астам Калифорния, БАӘ, Ресей және Венгрия сияқты мемлекеттерде жұмыс істеп келеді. 1998 жылы ол «Occidental Petroleum» компаниясынан кетіп, мұнай және газ стартаптарының атқарушы қызметіне кірісті. Ол «Arctic Gas Company» Бас директоры, «Valkyries Petroleum» Бас өндіріс директоры, «Harvest Natural Resources Russia» Бас менеджері, «Lundin Petroleum Russia» Бас менеджері және «Sand Hill Petroleum» Бас компаниясының өндіріс директоры болып қызмет атқарды.
Ле Клэр мырза «Lucent Petroleum» ЖШС компаниясында 2024 жылдың наурызында Бас директор қызметін бастады. Дэвид Стэнфорд университетінен мұнай инженериясы бойынша бакалавр дәрежесіне ие.
2016 жылдан бастап United Way Hungary ұйымының басқарма мүшесі.
Коммерциялық және әкімшілік мәселелер жөніндегі директор
Аслан Шапабаев «Lucent Petroleum» ЖШС компаниясында 2024 жылдың наурызында Коммерциялық және әкімшілік мәселелер жөніндегі директор ретінде қызметін бастады.
Шапабаев мырза халықаралық мұнай компаниялары мен Қазақстанның ұлттық компаниясы «ҚазМұнайГаз» арасындағы бірлескен кәсіпорындарда 25 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие.
Lucent Petroleum-ға қосылмай тұрып, Шапабаев мырза бірнеше жоғары басшылық лауазымдарды атқарды, соның ішінде «Каспий Меруерти Оперейтинг Компани» (Shell, ҚазМұнайГаз, Oman Oil арасындағы бірлескен кәсіпорын) және «Урал Нефть және Газ» (MOL Group, ҚазМұнайГаз, SINOPEC арасындағы бірлескен кәсіпорын) компанияларының Бас директоры болып қызмет атқарды.
Шапабаев Мырза Варна университетінде (Болгария) және Carroll College (MT, АҚШ) бизнес- әкімшілік бакалавры дәрежесіне екі мәрте ие.
Қаржы директоры
Эдуард Тұралиев 2011 жылы «Lucent Petroleum» компаниясына қаржы директоры ретінде жұмысқа қабылданды, және оның «Maersk» және «Ernst & Young» сияқты халықаралық компаниялардағы жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, қаржы саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Тұралиев мырзаның «Maersk Group»-та әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Ұлыбританиядағы «Maersk SeaLand» және Таяу Шығыс пен Африкадағы, сондай-ақ БАӘ-дегі «Maersk Logistics»-те үлкен халықаралық жұмыс тәжірибесі бар. «Lucent Petroleum» компаниясына келгенге дейін Тұралиев мырза «Maersk Oil Kazakhstan GmbH» Алматы филиалында қаржы директоры қызметін атқарды, онда ол қаржылық мәселелерге басшылық етіп, IT-функцияларға жауапты болды.
КИМЭП Университетінің (Қазақстан) іскерлік әкімшілік ету магистрі (MBA) және Рединг университетінің (Ұлыбритания) «Экономикасы өтпелі елдердегі банк ісі» магистрі дәрежесі бар. Сондай-ақ, Тұралиев мырза Сертификатталған машықтанған бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) толық мүшесі болып табылады.
Геологиялық барлау жұмыстарының директоры
Данкан Макдугалл «Lucent Petroleum»-ге 2011 жылы жұмысқа қабылданып, компанияны 2014 жылдан 2022 жылға дейін бас директор ретінде басқарды. Макдугалл мырзаның «Charterhouse Petroleum», «Petrofina» және BP компанияларымен Солтүстік теңіздегі жобаларда 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, барлау мен өндіру саласында кең халықаралық тәжірибесі бар. Сондай-ақ Макдугалл мырзаның ТМД өңірінде пайдалы мұнай-газ қоржындарын құруда үлкен тәжірибесі бар. «Lucent Petroleum»-ге келгенге дейін Макдугалл мырза ол бұрын 2006 жылдан 2011 жылға дейін техникалық директор қызметін атқарған «Roxi Petroleum PLC» (қазіргі «Caspian Sunrise PLC») негізін қалаушы директоры болды.
Макдугалл мырза Лондон Империялық колледжінің геология бойынша бакалавр дәрежесіне ие. Макдугалл мырза Мұнайшы-инженерлер қоғамының (SPE) Алматы бөлімшесінің негізін қалаушыларының бірі болды, және қазіргі уақытта оның Директорлар кеңесіне кіреді.